💐💐Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – халқымыз үшін аса маңызды тарихи оқиға. Осы мерейлі дата қарсаңында мектебіміздің 3 “В” сынып оқушылары тыл ардагері Калачева Александра Николаевнаны арнайы құттықтап барды.
💐💐Балалар гүл шоқтарын ардагер әжеге сыйлап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Олар бейбіт өмір сыйлаған аға буын өкілдеріне деген алғыстарын айтып, ән салып, өлең оқыды. Бұл сәт Александра Николаевна үшін ерекше қуанышқа толы болды, ол балаларға өзінің жастық шағы мен соғыс жылдарындағы естеліктерін айтып берді.
Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді дарытып, тарихты құрметтеуге баулиды. Ардагерлеріміздің ерлігі – мәңгі жадымызда! @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы