Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай оқушылар тыл ардагері Калыкбаева Фатима Фаткуловнаны құттықтап барды
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушылары тыл ардагері Калыкбаева Фатима Фаткуловнаға арнайы барып, құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады. Ардагердің ерлікке толы өмір жолын тыңдай отырып, оқушылар оған шын жүректен алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Кездесу барысында оқушылар тыл еңбеккеріне арнап патриоттық өлең шумақтарын оқып, әндер орындады. Ардагерге гүл шоқтары мен шағын сый-сияпаттар табысталды. Бұл кездесу жас ұрпаққа тарихи тағылым беріп, үлкенді сыйлау мен отансүйгіштікке тәрбиелеудің жарқын үлгісіне айналды. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы