Skip to content

Жеңіс күніне орай тыл ардагеріне құрмет көрсетілді Жеңіс күні —…

Жеңіс күніне орай тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

Жеңіс күні — халқымыздың батырлығы мен ерлігін дәріптейтін ұлы мереке. Осыған орай мектебіміздің 5”А” оқушылары мен сынып жетекшісі тыл ардагеріне арнайы барып, құттықтау жасап, зор құрмет көрсетті.

Іс-шара барысында оқушылар ардагердің ерлікке толы өмір жолымен танысып, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен тылда атқарылған ауыр еңбектің маңызын түсінді. Оқушылар ардагерге арнап жүрекжарды тілектерін білдірді.

Ардагер апамыз Мулюкина Людмила Тимофеевна өз кезегінде жастарға ақ батасын беріп, елін сүйетін, Отанын қорғайтын азамат болуға шақырды. Бұл кездесу балалардың патриоттық сезімін оятып, тарихқа деген құрметін арттыра түсті.

Мектебіміз осындай тағылымы мол кездесулер арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуді жалғастыра береді. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *