Skip to content

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай 8-9 класс оқушыларымен 1986…

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай 8-9 класс оқушыларымен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері, мектебіміздегі физика пәнінің мұғалімі Бақтыгереева Лаззат Мұқатқалиқызымен кездесу өткізілді. Лаззат Мұқатқалиқызы оқушыларға қазақ жастарының тоталитарлық жүйеге қарсылық көрсеткен көтерілістің қалай болғанын , олардың бойындағы отансүйгіштік сезімнің туған еліне құрметі керек болған кезде, өз бастарын қатерге тіге алатынына өзі куә болғанын үлкен тебіреніспен әңгімеледі.
-Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, қазақ жастарының қанымен келді. Сондықтан бүгінгі бақытты заман үшін " Желтоқсан оқиғасына" қатысқан батырларымызға тағзым етуіміз керек,- деп қорытындылады Лаззат апай. Оқушылар кештің құрметті қонағы Лаззат Мұқатқалиқызына естелік әңгімесі үшін алғыс айта отырып, өз өнерлерін көрсетті. Жауапты жетекшілер: Хамет Ж.Т , Есекеева А.Б. @obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *