Skip to content

19.04.2023ж жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік полиция…

19.04.2023ж жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторы Даулет А.Д. мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында тәлім-тәрбие жөнінде сөз өрбітіп, баланың өз қатарластарымен қарым-қатынасының дұрыс болмауы, көптеген жағдайларда сыныптас балалардың өзіне деген нашар көзқарасын жақын қабылдап, қатты күйзеліске түсетінін, сол себептен осындай балалар өзінің беделін басқа ортадан іздеп, не күшпен беделге ие болу жақтарын қарастыратынын, әлбетте мұның арты құқық бұзушылыққа, қылмысқа апаратынын түсіндіре келе, үлкен-кішіге сыйластық танытып, бір-біріне қамқор болып, үлгі көрсетіп, шешуі қиын мәселелерді сынып жетекшісімен не өзіне жақын мұғалімдерімен шешуге тырысса ешқандай кереғар жағдайлардың болмайтынын айтып өтті.Бұдан соң оқушыларға мағыналы бейнероликтер көрсетіліп, оған деген көзқарастары сұралып, өмірде сабақ боларлық дұрыс және бұрыс жақтары түсіндірілді. @obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *