Ақтөбе жері Ұлы Отан соғысының қан майдандарында ерліктің ғажайып үлгілерін көрсеткен халқымыздың Батыр ұлдарының бірі, Жем – Сағыз топырағының перзенті Қожабай Жазықұлы. Қасиетті тұлғаның өр рухына тағзым ету мақсатында, ескерткішіне "Батырға мың тағзым" атты салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімін 5-мамыр күні, Облыс әкімінің орынбасары Б.Елеусінова,12ОМ, 13ОМ ұйымдастырды. Қазақтың батырының ерлігін дәріптеп, Мәңгілік елге бет алған еліміздің жас ұрпағын отаншылдық рухта тәрбиелеуге септесетін бұл ескерткіш- ерліктің ерен үлгісі! Шара барысында көпшілік назарына мектеп оқушылары құрмет көрсетіп, батыр ағалардың ерлігін дәріптеп, өлең шумақтарын оқып, патриоттық әндерді әуелете шырқады. Жыл өткен сайын сұрапыл соғыста Отан үшін опат болған Қаһарман батырлардың жанкештілігі жаңғыра бермек, өскелең ұрпақ батырлардың рухын қастерлеп, ерлігін үнемі үлгі тұтады! @obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_akimat
