14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын Көрісу күні — Қазақстанның батыс өңірінде сақталған қазақтың ежелгі дәстүрі.
Бұл мереке — күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күн. Үлкен кіші бір-біріне, сәлем беріп, көрісіп, "жас құтты болсын" деп амандасып, кәде-сыйларын тапсырған.
#14наурызкөрісукүні
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy