ҚР Әкелер күні қарсаңында 2024 жылдың 14 маусым күні Геолог мәдениет үйінде “Әкем-әнім” мерекелік құттықтау концерті ұйымдастырылды. Аталған құттықтау іс-шарасында #12 орта мектеп “Әкелер клубының” төрағасы, Ақтөбе қаласы әкелер кеңесінің мүшесі, еріктілер қозғалысының мүшесі, ұлттық құндылықты насихаттаушы әке Бауыржан Казизтайұлы Алматы ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды.