Skip to content

Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы.…

Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасына ықпал ету – басты міндет.
Осыған орай, жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында «№12 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде белсенді жұмыс жүргізілуде. 2024-2025 жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық акциясы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіліп отыр. Аталмыш акцияның басты мақсаты – әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады. Жақсылық жасау – күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп қол ұшын созған демеушіміз, мектебіміздің бұрынғы қызметкері, қазіргі таңдағы жеке кәсіпкер Қабылов Марат мырзаға тағы да шексіз алғыс білдіреміз.
#Мектепкежол2024
#МектепкежолАқтөбе
@cobalt_club_aqtobe

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *