Мемлекет басшысы адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу және адал азамат болу маңыздылығына тоқталды. Адал азамат – бұл жақсы қасиеттерге ие, адал еңбек етіп, табысқа адал жолмен қол жеткізетін адам. Яғни, ол адалдық пен әділдікті ең жоғары орынға қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы қажет. Әрбір адам «Адал азамат» атын иеленсе, елімізде әділ қоғам орнайды деген тұжырымын жеткізді.
Осы орайда №12 орта мектепте «еңбек – түбі береке» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Мақсаты: білім алушыларды адал еңбекке баулу, еңбектің қоғамдағы рөлін түсіндіру және адал табыс пен адал еңбектің маңызын бағалау.
#Біртұтас_тәрбие
#Адал_еңбек