Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ақтөбе қаласының «№12 орта мектеп» КММ-сі педагог-ассистент (1 жүктеме) тұрақты мерзімге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бірлескен бұйрығына) сәйкес конкурс өткізеді.
Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы , А. Пушкин көшесі, 68, телефон : 45-81-94, электронды пошта: 12-mektep@aktgoroo.kz
Лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы 7-параграф 64,65,66-тармақтары
Жалақы мөлшері:тарификацияға байланысты
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға дейін
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);Жалғасы ⬇️
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
@aqtobe_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
⬇️⬇️⬇️
