Ақтөбе қаласының ТЖБ басқармасы: су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Су тасқыны – өзендегі судың көтеріліп, қардың еріп, желдің қатты соғуынан өзеннің тасуы тұрғын алабтарды су басуы мүмкін.
Су тасқыны кезінде жұмыс орындары мен пәтерлерде радио желісі тәулік бойы жұмыс атқарып тұруға тиісті, себебі, тұрғындар алдын ала хабардар болуы керек.
Хабарландыру сигналдары, эвакуация жасау шаралары мен ережелерімен танысып, соған алдын ала дайын болыңыз.
– Сонымен қатар сіздердің сенімді жүзу құралдарыңыз болуы керек және сіздер жүзу бағыттарыңызды білулеріңіз керек. Матадан жасалған қапты бос пластикалық бөтелкелермен толтырып, қолдан жүзу құралын жасауға болады. Егер сіздер суда болсаңыздар, онда суға батпайтын кез келген заттардан ұстаныңыздар.
– Апат дабылын беруді тоқтатпаңыздар (қолшам, ысқырғыш).
– Егер сіздерді судан алып шықса, міндетті түрде киімдеріңізді сығып, қайтадан киіп алыңыздар.
Су тасқынынан кейін не істеу керек?
– Ғимаратқа кірмес бұрын, оның құлау немесе қандай да болмасын заттардың құлау қаупі бар ма жоқ па, соны тексеріңіздер.
– Ғимараттың ішін желдетіңіздер (жиналған газ иістерін жою үшін).
– Электр жарығын қоспаңыздар, ашық от көздерін қолданбаңыздар, үйдің ішін толық желдеткенге дейін және газбен жабдықтау жүйесін тексергенге дейін сіріңке жақпаңыздар.
– Үлкендерден электр жабдықтарын, газ, су құбырларын тексеруді сұраңыздар. Мамандардың тексерісінен кейін ғана оларды қолданыңыздар.
– Бөлмелерді кептіру үшін барлық есіктер мен терезелерді ашып тастаңыздар, еден мен қабырғаларды батпақтан тазалаңыздар, суды ағызып жіберіңіздер.
– Тұрып қалған шалшықтарға құрамында хлор бар сұйықтықтарды құйыңыздар.