7 “А”-сыныбында «Шежіре күні» – Наурыз бата ақсақалдармен сұхбат” атты шара болып өтті. Шараға 7 “А”-сынып оқушысы Асхар Батыржанның атасы, осы мектептің түлегі болған Утекешов Асхар Жарасұлы қатысты. Балаларға өз өмірі мен еңбек ету жолдарын айта келе, жеті ата, шежіре туралы түсіндірді, сұрақтарға жауап берді. Балаларды жақсы оқуға, еңбекқор, тәрбиелі болуға шақырды. Шара соңында ата оқушыларға ақ батасын берді.
@aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
#14НаурызКөрісукүні
#22НаурызкүніАқтөбе2025
