31.01.2023ж №12 ОМ «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында теолог Вороневич О. маманмен кездесу шарасы өтті.Кездесуді ұйымдастырушылардың басты мақсаты – жас ұрпақты діни экстремизмнің алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу.Ольга Вороневич оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие жөнінде дәріс оқыды. Балаларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпарат берілді.
@obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy
