29 қазанда Қазақстанда «Қамқоршылар күні» мерекесі атап өтіледі. Қамқоршылар күні – бұл ерекше мереке, әр түрлі себептермен ата-анасы жоқ балаларды тәрбиелеу бойынша ауыр жүктемені мойнына алған адамдар үшін мереке. Бұл тамаша мереке – салыстырмалы түрде жас, алайда біздің қоғам үшін өте маңызды мереке. Ол ерекше күн – жылуға, қамқорлыққа және махаббатқа мұқтаж баланы тәрбиелеуге қабылдаған адамдар мен отбасыларға алғыстың өзіндік көрінісі болып табылады. Бұл – балаларға, әсіресе мұқтаж жандарға таза жүректен нәзіктік, көңіл бөліп, жан сыйлай білетін адамдар үшін ерекше мереке. Отбасы – әр адамның өміріндегі ең бастысы. Отбасын ағаш тамырымен салыстыруға болады. Ағаш тамырымен неғұрлым мықты болса, соншалықты мықты ағаш болады. Мықты ағашқа дауыл қорқынышты емес, ешқандай дауыл оны орнынан жылжытпайды. Мұндай тамыры мықты отбасының ынтымағы берік, тату – тәтті отбасы болады. №12 орта мектебінің басшысы А.С.Нукусова «Қамқоршылар күні» мерекесіне орай Қамқоршыларды алғыс хаттармен марапаттады.
