25 мамыр сағат 9.30-да мектеп бітіруші түлектер үшін “Мектебім, саған мың алғыс!” тақырыбындағы іс-шара өткізілді.
Мақсаты: түлектерді педагогтерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу, өз болашағына жауапкершілік көрсету және алған білімдерін өз Отанының игілігі үшін пайдалану.
Өткізілген іс-шараға қонақ ретінде мектеп әкімшілігі, ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп бітіріп кеткен түлектер, ардагер педагогтар, қаланың құрметті тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен мектеп демеушілері шақырылды.