Skip to content

2024 жылдың басында “№12 орта мектеп” КММ өрт қауіпсіздігі бойынша…

2024 жылдың басында "№12 орта мектеп" КММ өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жоспарлы жаттығу өтті.
📌Оқу жаттығуын өткізудің басты мақсаты мектепте өрт болған жағдайда қызметкерлер мен оқушылардың денсаулығы мен өмірі үшін тез және қауіпсіз эвакуациялауды өткізу бойынша мектептің дайындығын жан-жақты тексеру болып табылады. Дабыл сигналы бойынша оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлер мектеп ғимаратының ауласына шығарылды.🚨Сынып жетекшілері қоңырау шалып, өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаға уақыт бойынша нормативтерге сәйкес келетін оқу орнын толық эвакуациялау туралы баяндады. Оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің алдына қойылған міндет орындалды, оқу-жаттығу барысында барлығы толықтай эвакуацияланды. Мұндай жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *