2024 жылдың 27 ақпанында "#12 орта мектеп" КММ-де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Бірінші байлық – денсаулық" тақырыбында қаламыздағы алдыңғы қатарлы "Стоматология Кубланов Мират" тіс емханасының басшысы Кубланов Мират пен Каденов Алиханмен жоғарғы сынып білім алушылары арасында сұрақ-жауап форматында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде мамандар тарапынан ақыл-кеңестер берілсе, білім алушылар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, мамандарымыз құр қол келмей, балаларға өз мақсаттарына жетулеріне тілектестік танытып, блокнот пен қалам сыйлады.
@dr.kublanov_mirat
