Skip to content

2024 жылдың 24 мамырында мектеп қабырғасында талантты, білімді, ең алғыр,…

2024 жылдың 24 мамырында мектеп қабырғасында талантты, білімді, ең алғыр, ең мықты оқу ордасының даңқын асқақтатып жүрген және мектеп өмірін қызыққа толтырған оқушыларға «Жұлдыздар шеруі» атты марапаттау рәсімі өтті.
Мақсаты: мектепте және мектептен тыс әртүрлі ерекше қасиеттерімен дараланған оқушыларды анықтап, зияткерлік дамуына ғана емес, олардың үлгі боларлықтай қасиеттерін дәріптеу және талантты оқушыларға шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын оятып, ата-ана, оқушы, мұғалім арасында тығыз байланыс орнату.
Биыл мектебіміздің алған асулары мол. Болашақта тек білімді ел ғана бәсекеге төтеп беріп, өзін-өзі сақтап қалатыны сөзсіз. «Ел болашағы – білімді ұрпақта». Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру білім беру мекемелеріне ортақ іс. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік саяси және жаңа технологиялық өзгерістер ұрпақ тәрбиелеу ісін жаңа сатыға көтеруді қажет етеді. Біздің оқушыларымыз жыл сайын биік межелерден көрініп келеді.
Мектебіміздің мәртебесін өсіріп, мерейін үстем еткен барша оқушыларға алғысымызды білдіреміз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *