Skip to content

2024 жылдың 01-02 наурыз күндері Ресейдің Орынбор қаласында еркін күрестен…

2024 жылдың 01-02 наурыз күндері Ресейдің Орынбор қаласында еркін күрестен 2011-2012, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасындағы “ОТКРЫТЫЙ КОВЁР – І этап” жүлдесіне арналған халықаралық турнирі өткізілді. Жарысқа Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Чувашия, Удмуртия, Пермь өңірі, Москва, Владимир, Самара, Челябинск, Оренбург және Ресейдің басқа да өңірлерінен жалпы саны 300-ге жуық спортшы қатысты.
Еліміздің намысын Ақтөбе қаласындағы N4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің (директоры- Ғани Избагамбетов) жас палуандары абыроймен қорғады! Соның ішінде #12 орта мектептің 5в сыныбында білім алып жатқан оқушымыз Мадияр Зульфукар І орынмен марапаттала отырып, ең үздік палуан атанып, ақшалай және арнайы бағалы сыйлықпен марапатталды!
Спортшылар мен бапкерлерді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және келешекте әлемдік додаларда көкбайрақты биікке көтеріп, әнұранды шырқатуларына тілектеспіз!
🇰🇿✊💪🤼‍♂️🥇🏆

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *