Skip to content

2023 жылдың 21 желтоқсан күні «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес…

2023 жылдың 21 желтоқсан күні «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес «№12 орта мектеп»КММ-де орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың базалық құзыреттіліктерін қалыптастыру» атты қалалық семинары өтті.
Семинардың алғашқы сөз кезегін Ақтөбе қаласы «Әдістемелік кабинеті» КММ-нің әдіскері З.Б.Бекниязова алды және мектеп директоры А.С.Нукусова жалғастырды.
Семинар барысында «№12 орта мектеп»КММ-нің мұғалімдері: Г.У.Ержангалиева., С.А.Мухамбетова., А.М.Адильбекова, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.
Жоғарыда аталған қалалық семинарына, Ақтөбе қаласының 15 мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: ұжымды біріктіру; қойылған міндеттерді бірлесіп шешу арқылы шығармашылық ойлауды, ынтымақтастық пен бірлесіп құруды дамыту;
Семинар барысында «Бұзылған телефон» атты ойын-тренингі, «Тимбилдинг как средство создания комфортной и образовательной среды в коллективе» атты коучингі, «Методы и приемы на уроках русского языка и литературы» дөңгелек үстелде кездесуі, 6 «Б» орыс сыныбында «Имя числительное. Разряды имен числительных» атты ашық сабақ өткізілді.
Семинар соңында барлық қатысушы мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды. Өткізілген семинардың тақырыбы осы сипаттамаға негізделген және практика жүзінде коучингтерде және де ашық сабақта көрсетілді.
Жалғасы комментарийде⤵️

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *