Skip to content

20 қараша күні #12орта мектебінде Темір жол емханасының жастар денсаулық…

20 қараша күні #12орта мектебінде Темір жол емханасының жастар денсаулық сақтау орталығының гинекологы Ерконырова Жазира Нұрланқызымен "Қызды қырық үйден тыю" атты кездесу өтті. Кездесуде жоғары сынып қыздарына ерте жүктіліктің алдын алу туралы дәріс оқылды.
Мақсаты: қыздарды ұлттық салт-дәстүрді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу.
Дәріс соңында қыз балалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қызықты бейнематериалдар көрсетілді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *