🔰2 ақпан күні "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде "төрт тоқсан төрт өнер" және "ДосболLike: достық қолын ұсын" акциясы аясында "Көңілді үзілістер" шарасы ұйымдастырылды.
🔰Шараның бір бөлімі – Қазақ биі.
Халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Және Қазақ биінің бірнеше дәуірді бастан кешкені баршаға аян. Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде еліміздегі кәсіби бишілер, би ансамбльдері мен би студияларымен жалғасып отыр. Қазақ биі – ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі десек артық айтқандығымыз емес. Сайып келгенде, қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным-түсінігі, табиғатпен байланысы, философиясы. Міне осының бәрі кез келген бидің құрылымынан, болмысынан айшықты көрініс тауып жататынына күмән жоқ.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
@medetbekovameruert
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
#@aqtobe_bilim_basqarmasy
#досболlike