Skip to content

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай бастауыш сыныптарда “Ұлы…

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай бастауыш сыныптарда “Ұлы тұлғалардың аналары” тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – оқушыларға отбасының маңызын ұғындыру, аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін көрсету және ұлы тұлғалардың өмір жолы арқылы оқушыларға өнеге беру.

Сабақ барысында оқушылар қазақтың ұлы перзенттері – Абай Құнанбайұлы,Ыбырай Алтынсарин орыс халық жазушы ақыны Александр Сергеевич Пушкин және басқа да тарихи тұлғалардың аналары жайлы мәліметтермен танысты. Олар ұлы адамдардың қалыптасуына ана тәрбиесінің әсері зор болғанын түсінді.

Оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, тақырыпқа сай суреттер салды Сабақтар жылы әрі тәрбиелік мәні зор ортада өтті.

Мұндай шаралар балалардың бойында отбасына, анаға, ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті арттырып, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы *#отбасықұндылықтары #семейныеценности

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *