№12 орта мектепте Қазақстандық отбасы мерекесі күніне орай 5 қыркүйек 2024 жылы «Мен, сен, ол, біз, бірге берік отбасымыз» атты 4-сыныптар арасында отбасылық спорттық сайыс өтті.
Сайысқа:
4«А» сыныбынан «Қыран» тобы;
4 «Б» сыныбынан «Пламя» тобы;
4 «В» сыныбынан «Бумер» тобы;
4 «Г» сыныбынан «7Я» тобы қатысты.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. #otbasym2024 #біртұтастәрбие