№12 орта мектепте Қазақстандық отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Бақытты – отбасы» атты сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен баланың арасындағы қатынасты тәрбиелеу, оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті тудыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.
#otbasym2024 #біртұтастәрбие
