№12 орта мектепте Халық Қаһарманы Р.Қ.Қошқарбаевтың туған күні қарсаңында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Қазақ халқының қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. #біртұтастәрбие
