№12 орта мектепте 6 қыркүйекте бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында 9-11 сыныптарға құқықбұзушылықтың алдын алу отырысы өткізілді. Мектеп инспекторы Байжанова Замира Сагатовна жасөспірімдер мінетін жеңіл көлік түрлерімен жүрген кезде жол ережелерінің сақталуы қатаң түрде ескертіліп, түнгі көшелерде заңды өкілсіз жүруге тыйым салынатыны туралы түсіндіріп өтті. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу жайлы мәселелер айтылды. #Бақыттыжәнеқауіпсізбалалықшақ #АқтөбеҚұқықТәртіп #біртұтастәрбие
