Skip to content

№12 орта мектепте 26.09.2024 жылы “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Ақтөбе…

№12 орта мектепте 26.09.2024 жылы “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Ақтөбе облысы білім басқармасының “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының әдіскері Бердібекова Лаура Қуантаевна мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Байдилова Жанар Сериковнаның қатысуымен “Ата-аналарға жүйелі жұмыс тәсілдерін жасау және балаларды оқыс жағдайлардан сақтау, зорлық-зомбылық, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу аясында бағыт-бағдар беру” тақырыбында ата-аналармен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амиров Таир Алматович пен мектеп психологы Маликова Гульжахан Маликовна сөз сөйлеп, ата-аналардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Ақтөбе облысы білім басқармасының “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының ашылғанына қуаныштымыз! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз! @jan_ahual_aktobe #біртұтастәрбие

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *