Skip to content

№12 орта мектебінде қыркүйек айының 6-ы күні 9-сынып оқушыларына кәсіптік…

№12 орта мектебінде қыркүйек айының 6-ы күні 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында «В.И. Пацаев жас ұшқыштар мектебі» маманы шақыртылып профориентация жұмысы жүргізді.
Сонымен қатар «В.И. Пацаев жас ұшқыштар мектебі» КММ маманы 9-сынып оқушыларына мектептің артықшылықтарымен таныстырды.
Ақтөбедегі жас ұшқыштар мектебі 1969 жылдан бері істеп келеді.
Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында жас ұшқыштар мектебінің тәрбиеленушілері авиация тарихын, тактиканы, авиатехниканы, аэродинамиканы, әуе навигациясын, авиациялық метеорологияны, радиотелеграфтық азбуканы, авиациялық психология мен жарғыларды зерттейді, физикалық, саптық және атыс дайындығын меңгереді.
Сабақтардың басты мақсаты – балаларға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға, елін қорғауға деген патриоттық сезімді күшейту.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *