12 мектебінің 5-9 сынып оқушыларының көркем еңбек пәні сабағында жасалынған жұмыстарынан “Ұлттық өнер-ұрпаққа мұра “ атты жоспардан тыс қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме мақсаты: жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық қолтаңбасын, өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, мақтаныш ету.
Көрмеде оқушылардың бірінші жарты жылдықта сабақ жоспарына сай жасалынған жұмыстары қойылды . Көркемдік шеберлікпен, жұмыстың нәзіктігімен, шабытпен, тақырыптар мен жанырлардың алуан түрлілігімен өнер туындыларын көруге болады.
Көрме жетекшілері көркем еңбек пәні мұғалімдері.
