11 мамыр – Аналар күні мерекесіне орай 5 “А сынып оқушылары 📱❤️ “Анаңа қоңырау шал” атты акция аясында аналарына қоңырау шалып, “Анашым, мен сені жақсы көремін!” деген жүрекжарды сөздерін жеткізді.
Бұл акцияның мақсаты – балалардың бойында анаға деген махаббат пен құрмет сезімін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Шара барысында балалар аналарына арнап жылы лебіздерін білдіріп, қуаныш пен толқу сезімдерін бастан кешті.
💗Ана жүрегі – мейірімнің, махаббаттың, жылылықтың символы. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар кішкентайлардың жүрегінде мейірімділік пен ризашылық сезімін оятады.
@aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы #отбасықұндылықтары #семейныецености