“1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі” күні мерекесін өткізуге арналған мектепшілік іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектебімізде 2024 жылдың 30 сәуірінде “Этнос өкілдерінің қатысуымен” 7-сынып оқушылары арасында мектеп кітапханашыларының өткізуімен дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қазақ жазушыларының еңбектерін өзге тілдерге аударылған әдеби шығармаларын насихаттау. Сонымен қатар түрлі ұлт этностарының тіліндегі әдебиеттерді дәріптей отырып, ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, бірлікті қалыптастыру. Қазақ әдебиетімен басқа ұлт өкілдерінің әдебиетін байланыстырып, үйлестіре отырып кітапты дәріптеу.