📌07.03.2024ж. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің әйелдер қауымына арналған «Арулар – асыл жандар!» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
📍Іс-шара барысында мектебіміздің талантты оқушылары би билеп, күй тартып, мектеп ұжымына жүрекжарды тілектерін айтып, әндер орындады. Мектеп директоры А.С.Нукусова мектеп ұжымындағы нәзік жандыларды 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады.
✅Іс-шараның мақсаты – Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай орасан зор екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
🌷Өміріміздің сән-салтанаты мен мектебіміздің мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін!
#8наурыз
#8наурызқұттыболсын