05.09.2024 жылы №12 орта мектепте Қазақстандық отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Мектеп және отбасы» атты ата-аналар жиналысы өтті.
Сонымен қатар, жиналыс барысында мектеп психологтары Косниязова Г.М. және Курамысова Н.Ж. психологиялық қолдау орталықтарына негізделген ата-аналарға отбасы күніне орай ұйымдастырылған тренингтер өткізді.
Жиналыстың мақсаты: оқушы тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Мектеп өмірімен таныстыру. Оқушылардың мінез-құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіншілігін тереңірек зерттеу. Ата-ана, бала, мұғалім үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру, отбасының тәрбиелік әлеуетін арттыру.
Жиналыстың мақсаты:
1.Әр отбасының бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызын арттыру. Баланың жағымды әдеттер мен құнды қасиеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
2. Оқушы қауіпсіздігіне байланысты жалпы ережелерді ата-аналарға кеңестер беру.
3. Мектеп ережесі мен ішкі тәртібі туралы ата-аналарға түсіндіру.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. Әр отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі.
2. Оқу-тәрбие үдерісіндегі үштік одақ «Мектеп – Отбасы – Оқушы»
3. 2024-2025 жж. оқу жылында оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктері
4. Әр түрлі мәселелер. #otbasym2024 #біртұтастәрбие
